Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арзан бағада жиһаз жасатпақ болған алматылықтар алаяқтың арбауына түсіп қалды

Арзан бағада жиһаз жасатпақ болған алматылықтар алаяқтың арбауына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Алатау аудандық Полиция басқармасында осыған ұқсас 10 дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

– ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікке ілінген күдікті ұсталды және өз кінәсін мойындады. Біздің мәліметке сәйкес, 27 жастағы Алматы облысының тумасы Т. есімді азамат Instagram желісіндегі аккаунттар арқылы жиһаз жасау туралы хабарландырулар жариялаған. Қаскөй әлеуетті тұтынушыларды қысқа мерзімімен және қолайлы бағамен қызықтырды. Азаматтардың сеніміне қиянат жасау, алдау арқылы алдын ала төлем алған. Ал түскен қаржыны өзі иемденіп, өз қалауы бойынша пайдаланған. Қазірдің өзінде 10 алаяқтық дерегі анықталды. Ол клиенттерден орташа есеппен 300 мың теңгеден 1,3 миллион теңгеге дейін алған. Күдіктінің қылмыстық әрекетінен келген жалпы шығын 2,5 миллион теңгеден асады, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Сондай-ақ, Алматы қаласының прокуратурасы алаяқтық туралы ескертеді. Алаяқтықтың құрбаны болмау үшін ешкімге дербес деректерді, банк карталарының деректемелерін хабарламауды, аударымдар туралы түбіртектерді, кодтарды және кодтық сөздерді, оның ішінде банк және құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып табылатын тұлғаларға бермеуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру