Алматыда түнгі уақытта жасөспірімдер сайран салған дәмхана жабылды
Алматыда түнгі уақытта жасөспірімдер сайран салған дәмхана жабылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алмалы аудандық Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің мәліметінше, бұл мекеме олардың назарына бірнеше рет іліккен.
Көптеген рейдтер мен іс-шаралар дәмхана әкімшілігінің кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта ересектерсіз жүруіне заңмен тыйым салынғанын елемейтінін көрсетеді.
Дәмхана басшылығына қатысты соңғы тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚбК-нің 132-бабы 2-бөлігіне сәйкес материал жинақталып, Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды, оның шешімімен аталған мекеменің қызметі 30 күнтізбелік күнге тоқтатылды.
– Құрметті ауданымыздың ойын-сауық мекемелерінің басшылары! Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарын қатаң сақтауды естеріңізге саламыз. Балалар – біздің болашағымыз. Ерте алдын алу – ересектер үшін ең маңызды міндет. Өскелең ұрпақ – елдің тірегі, – деді, Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.