Арзан көлік алам деп дәмеленген Ақтау тұрғыны 1,5 млн теңгесінен айырылды
Арзан көлік алам деп дәмеленген Ақтау тұрғыны 1,5 млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ақтау қаласының тұрғыны арзан көлік алуға көмектесемін деп кейін уәдесінде тұрмаған алаяққа қатысты полицияға арызданды. Көліктен бөлек, алаяқтық іс-әрекетке барған ер адам жүргізуші куәлігін жасап беремін деп сөз берген. Жәбірленушіге келген жалпы шығынның көлемі 1,5 млн теңгеден асады.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Өзге ақпараттар тергеу мүддесінде жария етілмейді.
– Облыс тұрғындары мен қонақтары назарына! Алаяқтардың құрбаны болып қалмас үшін сіздерді аса сақ болуға шақырамыз. Ешбір жағдайда сенімсіз есепшоттарға ақша аудармаңыздар, – деп атап өтті Маңғыстау облысы ПД