Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Арзан пәтер әперемін»: Семейде тұрғын 3 млн теңгесінен айырылды

24 жастағы ер адам «арзан бағада пәтер сатып алып беремін» деп, семейліктерді алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қараша айының соңында Семей қ. ПБ Әуезов ПБ «102» жедел арнасына 24 жастағы жергілікті тұрғын бейтаныс әйел 2021 жылдың ақпан айының соңында оған нарықтық бағадан төмен баға бойынша пәтер сатып алып беремін деп, сенімге кіре отырып, оның үш миллион теңге сомасындағы ақшасын иемденгені туралы хабарлаған.

Криминалдық полиция қызметкерлері бұрын осындай қылмысы үшін сотты болған, 27 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Келесі күні алаяқтың тағы екі құрбаны 52 және 27 жастағы зардап шегуші Әуезов ПБ-ға арызданған.

Жәбірленушілердің айтуынша, қаскөй 2021 жылдың ақпан айының соңында және тамыз айының соңында осы схема бойынша олардың жалпы сомасы 6 850 000 теңгені иемденген.

Тергеу амалдары барысында 27 жастағы күдікті әйел жоғарыда аталған қылмыстарды жасағанын мойындады.

– Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі мен үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру