Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Учаске” ЖПІШ қорытындысы: ШҚО-да 41 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Шығыс Қазақстан облысында 41 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шараларды күшейту мақсатында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі мен 1 желтоқсаны аралығында “Учаске” республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара басталғаннан бері тәртіп сақшылары 310 933 пәтерді, 232 623 жеке үйді, 51 594 саяжай үйін аралап шықты. Тұрғылықты жері бойынша 46 104 есепке алынған тұрғын тексерілді, әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін 41 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Азаматтық атыс қаруының жеке иелерін оны сақтау ережелерінің сақталуын тексеруге ерекше назар аударылды. 13 мыңнан астам азаматтық қару иелері тексерілді, 210 қаруды сақтау шарттары мен тіркеу мерзімдерін бұзу анықталды. Заңсыз айналымнан 42 бірлік заңсыз сақталған атыс қаруы тәркіленді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Сондай-ақ, ІІО аумақтық бөлімшелеріне 7 424 адам жеткізілді, оның ішінде 4 140 дактилоскопия жасалды және 3 974 фото-бейне есебіне қойылды.

Сонымен қатар, 1300-ден астам кәмелетке толмаған ұсталды, оның 111-і алкогольдік ішімдіктер ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін, 82-і заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орталықтарында болғаны үшін, 225-і қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру