Аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған жамбылдық 7 жылға дейін сотталуы мүмкін
Аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған жамбылдық жеті жылға дейін сотталуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу қаласының 52 жастағы тұрғынын ұстады.
Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында жалпы салмағы 5 келі 542 грамм «кептірілген марихуана» және 65 грамм «гашиш» есірткі заттары табылып, тәркіленді.
Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
– Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деп атап өтті облыстық ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.