Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған жамбылдық 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

Аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған жамбылдық жеті жылға дейін сотталуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу қаласының 52 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында жалпы салмағы 5 келі 542 грамм “кептірілген марихуана” және 65 грамм “гашиш” есірткі заттары табылып, тәркіленді.

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

– Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деп атап өтті облыстық ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру