Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана әуежайында темекі шеккен мас ер адамға айыппұл салынды

Астана әуежайының терминалында темекі шегіп, полицейлердің заңды талаптарына бағынбаған ер адам алкогольдік ішімдік ішкен болып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Көлік полицейлері Астана қаласының Халықаралық әуежайын патрульдеу кезінде әуежай терминалында масаң күйде электронды темекі шегіп тұрған 29 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Бұл жөнінде ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің ресми өкілі Ляззат Қасымжанова мәлімдеді.

Оның айтуынша, тексеру барысында құқық бұзушы өзін дөрекі ұстап, полицейлердің ескертулеріне құлақ аспады. Сонымен қатар мән-жайды анықтау үшін полиция бөлмесіне жеткізбекші болғанда ер адам билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетті.

Астана- Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ұсталған адам «жеңіл дәрежедегі» алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу), ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігі (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырылып, оған 20 АЕК (61 260 тг) мөлшерінде айыппұл салынды. Билік өкіліне бағынбау бойынша материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды, – деді Л.Қасымжанова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру