Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте дүкеннен азық-түлік алып, жалған түбіртек көрсеткен тұрғын ұсталды

Шымкентте дүкеннен азық-түлік алып, жалған түбіртек көрсеткен тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сауда сөресінен ішіп-жемін тегін алғысы келіп, құнын төлемей кеткен. Оқиға Шымкент қаласындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде күндізгі уақытта болды.

Бұл жайт бойынша 10 қазанда Абай ауданының Полиция басқармасына “102” арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші түсіндіргендей, өзіне тиесілі дүкеннен белгісіз азамат шұжық, нан, ірімшік өнімдерін алып, кассирге телефон қосымшасындағы жалған түбіртекті көрсетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Жалпы келтірілген шығын – 58 850 теңгені құраған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Абай АПБ-ның қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті азаматтың жеке басы анықталып, тәулік ішінде ұсталды. Ол 43 жастағы жұмыссыз, жергілікті жердің тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Қазіргі кезде ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап, бұл заңсыз әрекетке қаржыдан қысылғандықтан барғанын жеткізді. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру