Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысындағы аудандық пробация қызметінде арнайы биометриялық терминал орнатылды

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында пробация есебіндегі сотталғандардың тіркелуге келуін саусақ ізімен анықтайтын биометриялық терминал орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Мұғалжар аудандық прокуратурасының бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың пробация қызметіне тіркелуге келуін электронды құрылғы арқылы бақылау үшін биометриялық терминал сатып алынды.

Бұл құрылғы есепте тұрған азаматтардың саусақ іздері мен кескін-келбетін сканерлеу арқылы олардың жеке басын анықтап, дәлелдеу процесін жүзеге асырады.

– Яғни, пробация қызметіне тіркелуге келген сотталғандарды құрылғы автоматты түрде өз жадына сақтап, сотталғандардың уақытылы тіркелуге келгені немесе келмегендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, биометриялық терминал – пробация қызметіне тіркелуге келмеген сотталғандармен уақытылы профилактикалық іс-шаралар жүгізуге септігін тигізіп ғана қоймай, есепте тұрған сотталған азаматтарға қатысты іс-құжаттарды қарау процесінде сот отырысында да тіркеуге келуі туралы ақпарат алуға негіз бола алады, – дейді Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру