Астана полицейлері пәтерден алтын бұйымдар ұрлаған күдіктіні анықтады
Астана полицейлері пәтерден алтын бұйымдар ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
32 жастағы жігіттің пәтерден алтын бұйымды ұрлағаны анықталған. Ол күдікке бірден іліккен. Өйткені ұрлық болған күні пәтерде одан басқа ешкім болмаған. Бұл туралы пәтер иесі де полицияға берген арызында жазған.
Тергеу кезінде белгілі болғандай, ол пәтер иелері үйде болмаған кезде алтын сақина ұрлаған. Пәтер иесінің айтуынша, ұрланған заттың құны 300 мың теңгеге бағаланып отыр. Содан кейін күдікті ұрланған алтынды ломбардқа тапсырып, содан түскен ақшаны өз қалауы бойынша жұмсаған.
Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Онық бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды.
Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті мойындау көрсетпелерін берді. Одан заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазір оның Астанада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.