Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны шулы көршілері үшін полицияға 596 рет арызданған

Павлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғындары шулы көршілері үшін 596 рет полицияға арыздануға мәжбүр болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында жыл басынан бері полицияға тыныштықты бұзу фактісі бойынша шақыртулар келіп түсіп жатыр. Мәселен Шәкәрім көшесіндегі бір үйдің тұрғындары түнгі уақытта көршілерінің шуынан дұрыс тыныға алмаған. Ол туралы 102 пультіне үстіңгі қабатта тұратын көршісі хабарласты. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері екі ер адамның үй иесімен алкоголь ішіп отырғанын көрді.

Басқа оқиғада таңғы сағат 05:00-де Әуезов көшесіндегі 83 үйдің ауласында біреулер шулап жатқаны туралы хабарласты. Оқиға орнына келгенде осы үйдің тұрғыны екендігі анықталды. Нәтижесінде бұзақылар тәртіп бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

– Мұндай жағдайларда инспекторлардың қатысуымен алдын алу шаралары жүргізіледі. Бұл тәжірибе жалпы алғанда азаматтарды оң тәрбиелеуге өте қолайлы. Айта кету керек, жұмыс күндері 22:00-ден 9:00-ге дейін, демалыс күні 23:00-ден 10:00-ге дейін шулауға тыйым салынады. Аталған тәртіп бұзушылыққа бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген, – дейді Екібастұз қаласы жергілікті полиция бастығы Талғат Шанкотов.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері егер сіз құқық бұзушылықтың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, “102” арнасына қоңырау шалып немесе учаскелік полиция инспекторларына хабарласуыңызға болатындығын еске салады. Сонымен қатар “Police 102” мобильді қосымшасын пайдалануға да мүмкіндігіңіз бар. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру