Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғыны бірге тұратын көрші әйелдің алтын бұйымдарын ұрлаған

Астана тұрғыны бірге тұратын көрші әйелдің алтын бұйымдарын ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға жас келіншек бөлмесінен 950 мың теңгенің алтын бұйымы жоғалып кеткенін айтып арызданған. Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 29 жастағы қала тұрғынын анықтады. Ол жәбірленушімен бір бөлмеде тұрғаны белгілі болып, көршісі кетіп қалған сәтті пайдаланып, алтын алқа, білезік және үш жұп сырғаны иеленіп алған.

Әйел ұрланған зергерлік бұйымдарды ломбардқа тапсырып, түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйел кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. Оның бұрын елордада тіркелген басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру