Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында қараусыз жүрген малдың қатысуымен 94 ЖКО тіркелген

Атырау облысындағы тас жолда қараусыз жүрген малдың қатысуымен 9 айда 94 жол-көлік оқиғасы тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы аумағында соңғы 9 айда тас жолдарда үй жануарларының қатысуымен 94 жол-көлік оқиғасы болды. Олардың көбі қала сыртындағы тас жолдарда болып отыр.

Мәселен, 14 қазан күні сағат 06:45 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолының 352-шақырым тұсында Toyota Ipsum автокөлігі 15 қойды қағып кеткен. Тексеру жұмыстары кезінде 1969 ж.т. қой малының иесі тас жолдың мал айдауға арналмаған жерінен қиып өтпек болған. Нәтижесінде 54 жастағы мал иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жауапқа тартылды.

– Toyota Ipsum автокөлігінің жүгізушісіне Миялы ауылынан шығар кезде Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелін қатаң сақтау керектігін ескерткен, алайда көлік жүргізушісі жасалған ескертулерге қарамастан жол апатының болуына себепші болғаны анықталды. Осы ретте, барлық жол қозғалысына қатысушылар назарына жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз, – дейді Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының командирі Адилбек Шахметов.

Айта кетейік, жыл басынан бері иесіз мал жайылымының алдын алу мақсатында ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша 583 тұлға жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру