Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғынының телефонын тартып алған күдікті анықталды

Астана тұрғынының телефонын тартып алған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны полицияға белгісіз біреудің ұялы телефонын тартып алғаны туралы хабарласты. Өтініш берушінің айтуынша, кешкі уақытта туыстарын ескі темір жол вокзалына шығарып салып, такси ұстау үшін Біржан сал көшесімен жүріп келе жатқан. Жолда қарама қарсы оған орта жастағы ер адам кездеседі. Қиылысқа жеткенде бейтаныс адам кенеттен жәбірленушінің қалтасынан ұялы телефонын ұрлап, қашып кеткен. Тонаушыны қуып жету әрекеттері сәтсіз аяқталған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Астана қаласы ПД Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қаланың 28 жастағы тұрғынын анықтады.

Полицияға жеткізілген ер адам мойындау көрсетпелерін берді, телефонды бейтаныс адамға сатқанын айтты. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Тонау фактісі бойынша ҚР ҚК 191-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру