Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аяқ киімін шешіп алып, ұрып-соққан: елордада тонаушылар ұсталды

Елорда тұрғынын екі ер адам ұрып-соғып, аяқ киімін шешіп алып, тонап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таңертеңгі сағат 05.00 шамасында қала тұрғыны “102” пультіне хабарласып, оны тонап кеткені туралы хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, ол Московская көшесіндегі Жақыл кафесіне келген. Мекемеде ол сол жердің екі келушісімен танысып, содан кейін бір үстелде бірге ішімдік ішіп отырған. Кейін ол бейтаныс адамдармен бірге далаға шыққан. Физикалық күш қолдану арқылы жәбірленушіні ұрып-соғып, екі тонаушы оның аяқ киімін шешіп алып, қалтасынан телефон мен құжаттары бар әмиянды алып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 25 және 35 жастағы ер адамдар анықталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Жәбірленуші елордалық ауруханалардың біріне жатқызылды.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адамдар ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру