Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ер адамды тонаған күдікті құрықталды

Астанада полицейлер ер адамды тонаған күдіктіні құрықтады,  — деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада аялдамалардың бірінен автобус күтіп тұрған ер адамның телефонын ұрып-соғып алып кеткен 29 жастағы тұрғын ұсталды. Күдікті жолдың қарсы бөлігіне өту кезінде аялдамада жалғыз тұрған азаматты байқайды. Одан Redmi телефонын тартып алып қашып кетеді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні телефонын сатпақ болып тұрған жерінен ұстады. Полицейлер ұрланған затты тәркілеп, өз иесіне қайтарды.

Қазіргі уақытта тонау дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру