Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада 20-ға жуық адамды алдаған интернет-алаяқ ұсталды

Астанада 20-ға жуық адамды алдаған интернет-алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға бүгінгі таңда 20-ға жуық алданған азамат жүгінген, келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Зардап шеккендерден түскен арыздар жалғасуда. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері алаяқтық жасағаны үшін бұрын сотталған елорданың 32 жастағы тұрғынын ұстады. Әйел адам Кrisha.kz сайты арқылы жалған пәтерлерді және балаларды қаладағы элиталық мектептер мен балабақшаларға орналастыруға көмектесуді ұсынған.

Сондай-ақ, полицияға азаматтардан ұжымдық арыз түскен, күдікті белгілі бір сыйақы үшін балаларын Binom мектебіне орналастырамын деп уәде берген. Сонымен қатар, жәбірленуші полицияға хабарласып, ол ұзақ мерзімге пәтер жалдамақ болған кезде алаяққа алданып қалғанын айтқан.

Бұл жағдайда азаматша 75 мың теңге көлемінде ақшасынан айырылған. Тағы бір басқа жағдайда алаяқ баланы балабақшаға орналастырып беремін деген сылтаумен жәбірленушінің 55 мың теңгесін иемденген. Ол бірден өзінің сыйақысын алып, бірақ ол уәделерін орындамаған. Алаяқтық жасаған күдікті өз кінәсін мойындады.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, оның елорда аумағында осындай қылмыстарға қатысы бар екені анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру