Астанада 60 жастағы анасын қорлаған ер адам қамауға алынды
Астанада 60 жастағы анасын қорлаған ер адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордалық учаскелік инспекторға қарт ана жүгінді. Ол 34 жастағы ұлының үйіне мас күйінде келіп, онымен жанжалдасып, былапыт сөйлеп, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтынын, осылайша психологиялық зорлық-зомбылық көрсететінін хабарлады.
Бұрын ер адам бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бір жыл мерзімге мінез-құлқына ерекше талап қойылған адам ретінде есепте тұрған, алайда ол ешқашан дұрыс жолға түспеген және құқық бұзушылықтарын жалғастырған.
Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді қолдануға тыйым сала отырып, құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талап қойылды.