Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері “Пиротехника” іс-шарасын өткізіп жатыр

ШҚО полицейлері “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл мерекесін өткізу барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар айналымының белгіленген қағидаларын сақтауын және оларды қолдануды бақылау мақсатында ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан бастап ШҚО аумағында “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен бірлесіп, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелудің, өткізудің және пайдаланудың жолын кесу, сертификатталмаған пиротехникалық өнімді көптеп жеткізумен айналысатын адамдарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

Жаңа жылға арналған жарылғыш атрибуттар сатылатын базарлар, дүкендер, көтерме қоймалар тексеріледі. Облыс аумағындағы “Пиротехника” ЖПІШ 2023 жылдың 3 қаңтарына дейін жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру