Астанада ер адам бірге тұратын әйелінің ақшасын ұрлап кетті
Астанада ер адам бірге тұратын әйелінің ақшасын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға елорда тұрғыны оның үйінен 190 мың теңге көлемінде ақшасы жоғалғаны туралы өтініш білдірді.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдіктіні анықтады. Ұрлық жасаған оның 36 жастағы бірге тұратын ер адамы болып шықты. Екеуі үш жыл жеке қарым-қатынаста болған.
Ер адам оның пәтерінде тұрған, бірақ бір уақытта екеуінің қарым-қатынасы нашарлай бастап, әйел арақатынасты тоқтатуға шешім қабылдаған. Кетіп бара жатып, ер адам суырмада жатқан тұрған алып кеткен.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.