Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда пәтер алып беремін деп алаяқтық жасаған әйел анықталды

Түркістанда пәтер алып беремін деп алаяқтық жасаған әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық Полиция басқармасына тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерден үш бөлмелі пәтер алып беремін деп 400 мың теңге ақшасын алып, қайтармай қойған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. 

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Олар алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Бұл жайтқа қатысы бар жергілікті жұмыссыз әйел болып шықты. 

Тексеру кезінде күдікті бірнеше жыл өтіп кетсе де, берген уәдесін орындамай, алаяқтық жасап жүргені анықталды. Ол жәбірленушілерден алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру