Астанада ер адам танысының қымбат көлігін өртеп жіберген
Астанада ер адам танысының қымбат көлігін өртеп жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Таңертең сағат 05.50-де полицияға Hyundai Tucson автокөлігінің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Көлік Күйши Дина көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған.
Шақыру бойынша келген полицейлер 42 жастағы ер адамды көліктің жанынан ұстады. Ол мас күйінде жеке жеккөрушілік қарым-қатынас салдарынан танысының көлігін өртеп жібергені анықталды. Қолайлы сәтті күткен ер адам түнде таныс әйелдің ауласына келіп, көлікке бензин шашып, оны өртеп жіберген.
Жану салдарынан жәбірленушінің көлігі елеулі зақым алды, оған 19 млн теңге көлемінде мүліктік шығын келтірілді. Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өртті тоқтатты. Бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті ер адам ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.