Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері ерекше балаға велосипед сыйлады

Павлодар полицейлері ерекше балаға велосипед сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласы Полиция басқармасының Солтүстік бөлімінің қызметкерлері Жаңа жыл қарсаңында Бауыржан Жақсылыққа көптен күткен сыйлық – велосипед сыйлады.

– Жыл сайын Солтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері қайырымдылық іс-шараларына қатысады. Биыл біз әріптестерімізбен бірге “Ұлы дала – 1000 игі іс” жобасы аясында өткізілген жаңа жылдық акцияға қатысып, баланың арманын орындауды ұйғардық. Бауыржан анасымен бірге Аяз атаға хат жазды. Осындай игі істермен біз балаға жағымды эмоциялар мен ғажайыпқа деген сенім сыйлайтынымызды түсіну біз үшін өте маңызды, – деді Солтүстік полиция бөлімінің бастығы Бекзада Бөлежанов.

Сонымен қатар полицей отбасын алдағы жаңа жылдық мерекелерімен құттықтап, бақыт, отбасыларына амандық тіледі.

Бауыржанның анасы өз кезегінде полицейлерге шын жүректен ризашылығын білдірді.

– Бұл біздің отбасымыз үшін әдемі әрі өте қымбат сыйлық. Полицейлерге алғысымызды білдіреміз! Қызметте табыс, отбасыларына амандық пен зор денсаулық тілейміз, – деп атап өтті Бауыржанның анасы Әсем Қалиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру