Астанада “Газбаллон” ЖПІШ өткізілді
Астана қаласының полиция департаменті төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып, “Газбаллон” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Негізгі мақсат – газ-баллондық жабдықпен жабдықталған көліктерді пайдалану және тұраққа қою кезінде заңнама талаптарының сақталуын тексеру.
Жедел-профилактикалық іс-шара кезеңінде жолдар мен тұрғын үйлердің жабық автотұрақтарында рейдтік іс-шаралар жүргізу үшін, көліктік бақылау инспекциясынан және жұртшылықтың өкілдерінен тұратын бірлескен мобильді топтар құрылды.
Нәтижесінде көлік құралын тіркеу куәлігінде айырбастау туралы белгінің жоқтығы үшін 13 құқық бұзушы анықталып, ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, бірлескен мобильді топтар тұрғын үйлердің 120 жабық автотұрағына тексеріс жүргізіп, көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен көлік құралдарында пайдалану кезінде газ жабдықтарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын түсіндіру жиындарын өткізді.