Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полициясы ата-аналарға балаларымен бірге “Қауіпсіз маршрут” бағытын жүріп өтуге кеңес берді

Елорда полициясы жаңа оқу жылы басталар алдында ата-аналарға балаларымен бірге “Қауіпсіз маршрут” бағытын жүріп өтуге кеңес берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайын жаңа оқу қарсаңында астаналық полиция қызметкерлерімен білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Жолдағы балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады.

Биыл елордалық полицейлермен  әрқайсысына ата-аналар балаларымен бірге үйден мектепке дейінгі және кері “Қауіпсіз маршрут” бағытымен жүруге кеңес береді. Серуендеу кезінде баланың маршрутын бірлесіп зерттеу, құдықтарға, жарықтандыруға, қауіпті аллеяларға, сондай-ақ көшенің белгіленген орындарда және тек бағдаршамның рұқсат беру сигналына назар аудара отырып, өту керек. 

Балаларға велосипедке және сомакаттарға міну ережелерін түсіндіру қажет, сондай-ақ құлаққапты  көше қиылысында пайдалануды түсіндіру.  

Сонымен қатар балаларға мектеп формасын таңдау кезінде киімде шағылыстыратын элементтердің болуын ескеру, жүргізушілердің көрінуін арттыру және қырағылығын арттыру ұсынылады. 

Өкінішке орай балалардың жарақат алу фактісі бойынша жол-көлік оқиғалары жалғасуда. Мәселен, жыл басынан бері, балалардың қатысуымен елордада 65 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның ішінде зардап шеккен 65 кәмелетке толмаған және бір баланың өмірін құтқару мүмкін болмады. 

Мысалы, 16 маусымда жүргізуші Lada көлігін басқара отырып, кәмелетке толмаған жүргіншіге белгіленбеген орында жүгіріп өткен кезде соғып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала дене жарақаттарын алған. 

Соңғы кездерді ескере отырып, әлеуметтік желі алаңдарында түрлі-түсті графиканы, бейнероликтерді пайдалана отырып, балаларға интерактивті түрде оқытуға назар аударылады. 

Жаңа оқу жылы қарсаңында 27 тамыз бен 30 кыркүйек аралығында елорда аумағында “Назар аударыңыз, балалар!” атты жедел алдын алу іс-шарасы дәстүрлі форматта өткізіледі. 

27 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінің бірінші кезеңде мектептер мен бірлесіп білім беру объектілерінің маңында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің проблемалық мәселеріне мониторинг жүргізіледі.

Негізгі кезеңінде 6-30 қыркүйек аралығында оқушылармен тікелей профилактикалық жұмыстар жүргізу: дәрістер, сабақтар өткізу және көрнекі үгіт-насихаттар тарату.

1 қыркүйектен бастап мектептердің жанында нарядтар қою жоспалануда, сондай-ақ түскі және кешкі уақыт кезеңінде патрульдеу күшейтілген. 

Сонымен қатар жедел алдын алу іс-шарасы кезінде бірқатар жоспарлар ұйымдастырылуда, кәмелетке толмағандарға жол қауіпсіздік ережесін сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерді сақтау туралы іс-шаралар арналған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру