Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өткізді

ШҚО ПД Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 тамызда ШҚО полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков, ШҚО ІІО және ҚР ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев, сондай-ақ ШҚО ПД бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Салтанатты жиында жас полиция қызметкерлері Отанға адал болуға ант берді.

Департамент бастығы полиция Ерлан Омарбеков полицияда қызмет жолын бастаған барлық жас полицейлерді құттықтап, бұл жұмыс үлкен шыдамдылықты, адалдық пен әділдікті, кез келген қоғамға жат көріністерге төзімділік талап ететінін және қоғам мен мемлекет оларға ерекше сенім білдіретінін атап өтті.

– Сіздер барлық күш-жігерлеріңіз бен энергияларыңызды қылмысқа қарсы күреске бағыттайтындарыңызға және Отанымыз – Қазақстан Республикасының өркендеуіне лайықты үлес қосатындарыңызға сенімдімін!,- деп атап өтті өңірдің бас полицейі.

Сондай-ақ, жоғары кәсіби шеберлігі, жұмысты тиімді ұйымдастырғаны құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бойынша міндеттерді орындауда қол жеткізген жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі полиция Марат Ахметжановтың бұйрығымен облыстың үздік полицейлері медальдармен, төсбелгілермен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара полицейлердің салтанатты шеруімен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру