Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада иісшіл иттің көмегімен заң бұзған жүргізуші анықталды

Астанадағы кинологиялық қызмет орталығының ең жас қызметтік иттерінің бірі – Бублик алғашқы қызметтік тексерісінде құқық бұзушылықты анықтап, тәртіп сақшыларына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында барлығы шамамен 50 қызметтік ит бар. Олардың төртеуі – ең жас иттер, жасы бір жасқа да толмаған. Қазіргі уақытта олар тыйым салынған түрлі заттарды іздеу бойынша үйретіліп жатыр. Жастарына қарамастан, төрт аяқты көмекшілер қызметте алғашқы нәтижелерін көрсете бастады.

Осындай жағдайлардың бірі – Өркен стационарлық бекетінде болды. Астана бағыты бойынша түнгі уақытта полиция қызметкерлері 44 жастағы ер адам басқарған Haval көлігін тоқтатты.

Көлікті қызметтік тексеру барысында жүргізуші айтарлықтай қобалжыды. Сол сәтте полицейлер тыйым салынған заттарды анықтау үшін тексеру шараларын жүргізді. Нәтижесінде ер адам медициналық куәландыруға жіберілді. Тексеру кезінде оның есірткі қолданғаны расталды.

Сот шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру