Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада кәсіпкер достарының ақшасын алаяқтықпен иемденген азамат қолға түсті

Астанада кәсіпкер достарының ақшасын алаяқтықпен иемденген азамат қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 жастағы қала тұрғыны достарының бизнесін алға жылжыту үшін ақша салуға шақырып, болашақ инвесторларға тиімді бизнес жоспарын ұсынған. Осылайша, Астана тұрғыны полицияға хабарласып, бір жыл бұрын танысына сеніп, оған 4,5 млн теңге бергенін айтқан. Тағы бір жағдайда күдікті жәбірленушінің 15 млн теңгесін жымқырып, алдап кеткен. Ол кейіннен жоғары пайда ала отырып, қаражатты тағы да инвестициялауды ұсынған. Бірақ жәбірленушілер жоғары төлемдерді күтпестен бірден құзырлы органға жүгінген. Бүгінгі таңда полицейлерге 4 алаяқтық дерек белгілі болды.

Аталған факті бойынша күдікті азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті алған қаражатын қойып, бәрін ұтылып қалған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысы бар азамат қылмысты жасағанын мойындап, пробациялық бақылауға алынды. Оның астанада бұрын жасалған осындай фактілерге қатысы бар жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру