Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өмірзақ Болсамбеков Ақмола гарнизонының жеке құрамымен кездесті

Өмірзақ Болсамбеков Ақмола гарнизонының жеке құрамымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2024 жыл ішкі істер органдары жүйесі үшін “кадрлар сапасын жақсарту жылы” ұранымен өтеді. Ішкі істер министрі Ержан Саденов бөлімшелердің алдына осындай міндет қойды. Ведомство басшысының бастамасын ішкі істер органдарының ардагерлері белсенді қолдады, айтпақшы, қазіргі полиция қызметкерлерінің кәсіби-адамгершілік тәрбиесін арттыру міндеттері ақсақалдардың мойнына жүктеледі.

Осы мақсатта Ақмола облысының полиция департаментіне екі күндік жұмыс сапарымен қазақстандық ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлері ұйымының төрағасы Өмірзақ Болсамбеков келді. Бірінші күні ақсақал Ақкөл және Бұланды аудандық полиция бөлімдерінің ардагерлерімен және қызметкерлерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Ішкі істер органдары ардагерлерінің, ақсақалдар Кеңесінің, басшылық пен жеке құрамның қатысуымен 5 қаңтарда полиция департаментінің мәжіліс залында үлкен кеңейтілген кеңес өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе полицияның ардагерлер ұйымдарымен өзара іс-қимылы, зейнеткер-ардагерлер мен олардың отбасы мүшелерін қолдау, сондай-ақ жас қызметкерлер арасында патриоттық тәрбие беру мәселесі болды.

Кеңеске қатысушыларға арнаған сөзінде Өмірзақ Болсамбеков ардагер ұйымдардың полицейлерді тәрбиелеудегі әлеуетін кеңінен пайдалануға, жас полицейлерді қызмет жағдайына бейімдеу мәселелеріне ерекше назар аударуға шақырды. Айта кету керек, департаментте тәлімгерлер кеңесі өз жұмысын қайтадан бастады, оның мақсаты полицейлерге олардың кәсіби қалыптасуына көмектесу, адам мен азаматтың құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуге тәрбиелеу. Кездесу аясында кеңеске қатысушылар болып полиция департаментінің тәлімгерлер кеңесінің төрағасы мен мүшелері сайланды, сондай-ақ оның жұмысының негізгі бағыттары белгіленді.

Сол күні милиция генерал-майоры Ө. Болсамбеков заманауи техникалық талаптарға сай келетін № 2 учаскелік полиция пунктіне барды. Ақсақал учаскелік полиция инспекторларының жұмысымен және қызмет атқару шарттарымен танысып, осы учаскелік пунктке бекітілген ішкі істер органдарының зейнеткері Марат Балтабаевпен әңгімелесті. Жұмыс сапары ведомстволық мұражайға барумен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру