Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының криминалисі саусақ іздері арқылы ауыр қылмыстың бетін ашты

Ақмола облысының криминалисі саусақ іздері арқылы ауыр қылмыстың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалистің жұмысында ұсақ-түйектер болмайды, әрбір бөлшек маңызды және қылмыстарды ашуға көмектесуі әбден мүмкін. Оқиға орнында жұмыс істейтін криминалистің мойнына жауапты міндет – көзге көрінбейтін материалдарды сапалы жинақтау жүктеледі.

Оң мысал ретінде 2024 жылғы 5 мамырда Көкшетау қаласында Л. есімді азаматқа дене жарақаттарын салу салдарынан өлімге әкелген факті бойынша Көкшетау қаласының ПБ криминалисі Бахтияр Сүлейменовтің оқиға орнын қарап-тексеруді жүргізуде қол саусағы іздерін алу бойынша реттелген жұмысын атауға болады.

Алынған қол іздерін тексеру кезінде күдікті адам анықталды. Криминалист өз жұмысында дағдыларын шебер қолданып, ауыр қылмыстың ізін суытпай ашуға көмектесті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру