Астанада көлік ұрысы ЖКО жасап, оқиға орнынан қашып кетті
Астанада көлік ұрысы ЖКО жасап, оқиға орнынан қашып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жол-көлік оқиғасы болмас бұрын айдап әкетуші Volkswagen Passat-B көлігіне отырып, жүргізушінің рюкзагын ұрлап кеткен. Ер адам оталдыру құлпындағы кілттерді көріп, ұзақ ойланбастан көлікті айдап кеткен. Содан ол қылмыс орнынан жоғары жылдамдықпен жетіп, Момышұлы мен Қордай көшелерінің қиылысында бұрылысқа сыймай, Renault көлігімен соқтығысқан.
Апат орын алғаннан кейін қаскүнем айдап әкеткен көлікпен қашуды жалғастырып, оны Оңтүстік-Шығыс ауданында қалдырып кеткен. Елордалық Байқоңыр ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды қаласында 30 жастағы күдіктіні ұстады. Айдап әкету және ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Сондай-ақ оның әртүрлі қылмыстар, соның ішінде тонау мен ұрлық жасағаны үшін төрт рет сотталғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.