Астанада полицейлер ішімдікке қарсы акция өткізді
Астанада полицейлер ішімдікке қарсы акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада алкогольдік өнімдерді сату бойынша заң талаптарының сақталуына бақылау жасап, құқықбұзушлықты болдырмаудың алдын алуды күшейту мақсатында “АЛКОГОЛЬДІ ТОҚТАТ!” акциясы өтті. Тәртіп сақшылары сауда орындарын тексеріп, олардың алкогольдік өнімдерді сатуға қатысты заң талаптарын сақтауын тексерді.
21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынған уақытта алкогольдік өнімдерді сататын орындарды, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз субъектілердің алкогольдік өнімдерді өткізуін анықтау үшін учаскелік полиция инспекторлары мен прокурорлар арасынан мобильді топтар құрылды.
“АЛКОГОЛЬДІ ТОҚТАТ!” акциясы кезеңінде алкоголь өнімдерін өткізу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың 38 фактісі анықталды. Заң бұзушыларға қатысты жиналған материал сотқа қарауға жолданды.
Шағын және орта бизнес субъектілерімен ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабында көзделген құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді.