Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полиция көрші мемлекетте іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады

Жамбыл облысында полиция көрші мемлекетте іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында қылмыс жасағаны үшін Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының ІІБ-мен іздеуде жүрген Түркия мемлекетінің азаматын ұстады.

27 жастағы ер адам басқа біреудің мүлкін иемдену немесе жымқыру арқылы ұрлық жасады деп күдіктенген.

Ол жамбылдық полицейлермен ұсталғаннан кейін Ташкент облысы Шыршық қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотының қаулысына сәйкес Қордай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Мемлекетаралық келісімге сәйкес ұсталған адам бұдан әрі Өзбекстан Республикасына экстрадицияланатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру