Астанада полицейлер оқушылардың ата-аналарымен кездесті
Оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда. Астанада тәртіп сақшылары ата-аналармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназияда ата-аналарға арналған профилактикалық бағыттағы маңызды кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-аналармен өзара тиімді байланыс орнату.
Кездесуді Сарыарқа ауданы учаскелік полиция инспекторы Кенжебай Мусаев пен аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Руслан Байбориев өткізді. Жиын барысында құқық бұзушылықтың алдын алу жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті арттыру, мектептен тыс уақытты тиімді пайдалану және ата-аналардың жауапкершілігіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар оқушылардың қауіпсіздігін сақтау – мектеп маңындағы және жол қозғалысы қауіпсіздігі, бөгде адамдармен қарым-қатынас ережелері, интернет кеңістігіндегі қауіптер туралы айтылды. Сондай-ақ ашық терезелерге байланысты қауіптің алдын алу – көпқабатты тұрғын үйлерде болуы мүмкін қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін нақты ұсыныстар берілді.
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауап айтылып, күнделікті тұрмыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар берілді. Полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларымен сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын атап өтті. №67 гимназия ұжымы үшін оқушылардың қауіпсіз ортасын қалыптастырудағы басты басымдықтардың бірі.