Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция студенттермен және оқушылармен кездесті

Астанада полиция студенттермен және оқушылармен кездесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері басқару және құрылыс-техникалық колледж студенттерімен, сондай-ақ № 97 мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесті.

Кездесулер барысында жастарға “Дроп” ұғымы түсіндіріліп, оның қоғамға қауіпті салдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінің 232-1-бабына сәйкес заңсыз әрекеттерге тартылған жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны айтылды.

Полицейлер оқушылар мен студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын түсіндіріп, заңды сақтау әрбір азаматтың басты міндеті екендігін ерекше атап өтті.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтың жаңа түрлерінен сақтандыру және қылмыстық схемаларға жоламаудың маңызын жеткізу.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мұндай профилактикалық дәрістерді алдағы уақытта да оқу орындарында жүйелі түрде өткізуді жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру