Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада тұрғынды қажылыққа апарамын деп сан соқтырған күдікті ұсталды

Астанада тұрғынды қажылыққа апарамын деп сан соқтырған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Астаналық тұрғын кіші қажылыққа баруды жоспарлаған. Жас жігіттің айтуынша, ол әлеуметтік желі арқылы қажылық сапарын ұйымдастырумен айналысатын туристік компанияны тапқан. Турфирма өкілімен келісіп, екі жолдама үшін толық соманы төлеген. Алайда шетелге ұшатын күні жәбірленуші уәде етілген әуе билеттері мен шығуға арналған визаны ала алмаған.

Компания директоры оның қоңырауларына жауап бермеген. Келтірілген материалдық шығын шамамен бір жарым миллион теңгені құрады.

Сарайшык ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ретінде 33 жастағы әйелді анықтады.

Анықталғандай, алаяқ қажылық сапарын ұйымдастыру үшін жалған құжаттар жасаған және ірі көлемде ақша қаражатын алдау жолымен иемденіп отырған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Полиция департаменті азаматтарды қажылық сапарын уәде ететін күмәнді тұлғалардан сақ болуға шақырады. Жергілікті құқық қорғау органдары мұндай жағдайлардың алдын алу үшін тұрақты түрде жедел шаралар жүргізіп отырады және азаматтарды алаяқтық әрекеттердің кез келген түрі туралы дереу хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру