Астанада тұрғынды жүргізуші куәлігінің санатын жоғарлатып беремін деп алдаған күдікті құрықталды
Астанада тұрғынды жүргізуші куәлігінің санатын жоғарлатып беремін деп алдаған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала тұрғыны алаяқтық іс-әрекеттердің құрбаны болғанын айтып арызбен полицияға жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, ол ескі танысын кезіктіріп, ер адам «С», «Е» санаты бойынша жүргізуші куәлігін алу үшін көмегін ұсынған. Өзінің таныстары барын айтып, қысқа мерзімде құжатты алып беремін деп уәде берген қаскүнем танысынан 300 мың теңге алған.
Қолма-қол ақша алғаннан кейін ол телефон қоңырауларына жауап беруді тоқтатқан. Нұра ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Аталған фактіге бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.