Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицей киберқылмыстың алдын алу бойынша халықаралық семинарға қатысты

Павлодарлық полицей киберқылмыстың алдын алу бойынша халықаралық семинарға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қытай Халық Республикасының қоғамдық қауіпсіздік министрлігі жанындағы Шанхай үшінші ғылыми-зерттеу институтының базасында Қазақстанның лауазымды тұлғалары үшін киберқылмысқа қарсы күрес бойынша семинар өткізілді. Павлодар облысының атынан Cyberpool жедел-тергеу тобының жетекшісі Ренат Ахметзянов қатысты.

Семинар барысында қатысушылар киберқылмыспен күрес мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, оқудан өтті, электрондық деректерге сот сараптамасын жүргізуді талдады, қылмыстың осы түрімен күресудің жаңа әдістерін және деректерді қорғау әдістері мен жүйелерін зерттеді, IT-компанияларға барды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар қатысушыларды киберкеңістік мәселелері бойынша заңнамасымен таныстырды. Полицейлер киберқылмысты тергеу жөніндегі халықаралық полиция форумына қатысты.

Семинар соңында барлық қатысушылар сертификаттар алды. Айта кету керек полиция департаментінің базасында “Киберпол” жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде ақпараттық технологиялардың көмегімен жасалатын қылмыстарды тиімді ашуға арналған ең жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету тестіленуде, сондай-ақ мамандандырылған тергеу-жедел тобы жұмыс істейді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында 232 факт жасаған 124 алаяқ ұсталды, келтірілген залал сомасы 545 млн теңгеден асты. 10 ай ішінде қабылданған шаралармен алаяқтықтың 12%-ға немесе 198 фактіге, оның ішінде интернет-алаяқтықтың 27%-ға немесе 297 фактіге төмендеуі байқалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру