Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада Ұлттық ұланның қоғамдық қауіпсіздік жағдайындағы рөлі талқыланды

ІІМ басқару академиясындағы Ұлттық ұлан аудиториясында алғаш рет полиция департаменттері бастықтарының орынбасарларына арналған сабақ өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәрісті Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Бауыржан Әбжанов өткізді.

Сабақ "Ұлттық ұланның қоғамдық қауіпсіздік жүйесіндегі рөлі мен орны және қазіргі жағдайдағы даму бағыттары" тақырыбын кең қамтыды.

Өз сөзінде Б.Әбжанов Ұлттық ұланның алдында тұрған стратегиялық міндеттерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның құқық тәртібін қамтамасыз етудегі және полиция органдарымен өзара іс-қимылдағы шешуші рөлін атап өтті. Сондай-ақ жеке құрамды кәсіби даярлау, материалдық-техникалық базаны жетілдіру және қазіргі заманғы сын-тегеуріндер жағдайында бірлескен жұмыстың жаңа форматтарын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сабақ тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Полиция департаменттерінің өкілдері аталған тәсілдердің жоғары практикалық маңыздылығын атап өтіп, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру