Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жалдамалы жүргізуші тұрғынның телефонын ұрлап кеткен

Астанада жалдамалы жүргізуші тұрғынның телефонын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есіл ауданының полиция қызметкерлері телефонды ұрлады деген күдікпен жүргізуші қызметін көрсеткен 21 жастағы астаналықты ұстады.

Жігіт мобильді такси қосымшасында тапсырыс қабылдап, мейрамханадан екі жас әйелді алып кеткені белгілі болған. Мекенжайға жеткенде, көлік иесі жігітті де пәтерге шақырып, онда олар алкогольдік ішімдік ішкен. Клиенттің ұйықтап қалғанын пайдаланған жас жігіт өзімен бірге Redmi Note 11 телефонын алып, пәтерден ізін суытқан.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам кінәсін мойындап, ломбардқа тапсырып үлгерген ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Оның елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру