Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД бастығы ювеналды полиция қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы ювеналды полиция қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимовтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының жұмыстары мен материалдық-техникалық жабдықталу мәселесі жедел кеңесте қаралды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес жыл басынан облыс көлемінде кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қатысты жасалған қылмыстың болу себептері талқыланды. Жедел кеңеске департамент бастығының бірінші орынбасары Амитов Шамшидин, жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, қала, аудан полиция бөлімдері бастықтары, олардың бірінші орынбасарлары, жергілікті полиция қызметі салаларының бастықтары, барлық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Жыл басынан ювеналды полиция қызметкерлерімен біршама жұмыстар атқарылды, оның ішінде “Бала – Заң – Қауіпсіздік” (2023 жыл 12-15 қаңтар), “Түнгі қаладағы балалар” (16-18 ақпан, 17-19 шілде), “Жасөспірім” (7-9 маусым, 22-24 қыркүйек), “Мектеп” (26 қазан-2 қараша), “Маргинал” (1-30 қараша), “Құқықтық тәртіп” (20-30 қараша), “Мен және менің полицейім” (17-21 сәуір), “Абайлаңыз балалар” (24 тамыз-30 кыркүйек) жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілді.

Аталмыш шаралар нәтижесінде 175 жасөспірім, 119 қолайсыз отбасы есепке алынып, 7 ата-ана сот шешімімен құқықтарынан айырылса, 6 ата-ана құқықтарынан шектелген, 7 жасөспірім девианттық интернатқа жолданса, 2 жасөспірім аса ауыр қылмыс жасағаны үшін ерекше режимде ұстайтын мектеп инстернатына жатқызылды.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 304 бала орналастырылды, ішкі істер органдарына құқық бұзушылық жасағаны үшін 7 427 әкімшілік хаттама рәсімделсе, оның түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүрген 5663 кәмелетке толмағанның заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Мемлекет басшысы бала өмірі мен құқығын қорғау біздің жалпы ұлттық міндетіміз екенін атап өтті. “Заң және тәртіп” қағидаты қазақстандық қоғамның идеологиялық, саяси нұсқаулығына айналуға тиіс. Жасөспірімдердің құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жай-күйі полиция қызметінің тиімділігінің негізгі индикаторы болып айқындалды. Сондықтан, ювеналды полиция инспекторларына үлкен жауапкершілік жүктелген. Кәмелетке толмағандардың заңға бағынуын қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру үшін басқа мүдделі органдармен және жұртшылықпен бірлесіп, тиісті деңгейде жұмысты жүргізуді тапсырамын, – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру