Астанада жасөспірім құрдасының телефонын тартып алған
Астанада жасөспірім құрдасының телефонын тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есіл ауданының полиция қызметкерлері тонау күдігі бойынша 17 жастағы жасөспірімді анықтады. Ол Қорғалжын тас жолындағы жатақханада болғанда, өзімен құрдас баланы кездестіріп, қоңырау шалу сылтауымен одан телефонын сұраған. Ештеңеден күдіктенбеген жас жігіт телефонын берген.
Алайда, iPhone 11 телефонын кәмелетке толмаған бала қайтарудан бас тартып, күш көрсетемін деп қорқытқан.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған бала заңды өкілдеріне тапсырылды.
Астана қаласының Полиция департаменті ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларының жүрген жері мен үйден тыс мінез-құлқын бақылауды ұсынады. Сондай-ақ полицейлер балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылатынын еске салады.