Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жұмысшылар құрылыс алаңынан арматураны ұрламақ болған

Астанада жұмысшылар құрылыс алаңынан арматураны ұрламақ болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құрылыс алаңынан жүк тиегіштердің жүргізушілері миллион теңгеге жуық сомада арматураны алып шықпақшы болған, бірақ бекетте күзет қызметінің қызметкерлеріне ұсталды.

Ұрлықты алдын ала жоспарлаған үш жұмысшы құрылыс алаңына кіріп, арматураны кесіп алып, оны қармен жауып қойған. Содан кейін кешке объектіге кіріп, металл кесінділерін тиегіштеріне салып, оларды объектіден алып шығаруға тырысқан. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 47, 35 және 30 жастағы ер адамдарды ұстады.

Ұсталғандар мойындау көрсетпелерін берді, 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру