Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып, ЖКО жасады

Астанада жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып, ЖКО жасады – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында осы жылдың 5 ақпанынан бастап Астана аумағында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шара басталғаннан бері полицейлер әкімшілік заңнаманың 2748 бұзушылығын анықтады. Оның ішінде, мас күйде көлік басқарғаны үшін 6 адам қамауға алынды, 85 жүргізуші ЖКО-дан кейін қашып кетті, 40-тан астам азамат көлік жүргізу куәлігінсіз басқарған. Қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін алты жүргізуші көлікті басқару құқығынан айырылады.

Сонымен, жедел алдын алу іс-шарасы барысында патрульдік полицейлер жол ережесін өрескел бұзғаны үшін Hyundai Creta автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісін ұстады. Сағат 09:33 шамасында, көлікті басқарған әйел Ы.Дүкенұлы көшесінен Ш.Уәлиханов көшесіне қарай жүріп бара жатқан. Солға бұрылған кезде жүргізуші екі көлденең белгілеу сызығын кесіп өтіп, жолдың қарама-қарсы жағына шыққан. Осы кезде оның соңынан ерген LADA автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Hyundai Creta автокөлігімен соқтығысқан.

Басқа бір жағдайда, 30 жастағы астаналық азамат Hyundai Creta автокөлігін басқарып келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Қабанбай батыр даңғылымен Сығанақ көшесіне қарай жүріп бара жатып, тұтас сызықты кесіп өтіп, қарсы жолаққа шығып, жолда апатты жағдай туғызған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру