Атырау облысы полиция департаментінде оқушыларға арналған ашық есік күні өтті
Атырау облысы полиция департаментінде оқушыларға арналған ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Теңіз жүрегі” жобасының еріктілері және Атырау облысының полиция департаменті бірлесіп, №8 орта мектебі пен Еркінқала орта мектебінің жоғары сынып оқушылары үшін Атырау облысының полиция департаментінде кәсіптік бағдар беру іс-шарасын ұйымдастырды.
Департамент қызметкерлерімен кездесу болашақ түлектерге құқық қорғау органдарының кәсіби ортасына көріп, полиция жұмысы туралы маңызды ақпарат алуға мүмкіндік берді. Шара “Теңізшевройл” компаниясының қолдауымен “Жүрекен жүрекке” қоғамдық қоры жүзеге асыратын “Теңіз жүрегі” жобасы аясында өтті.
Іс-шара кезінде 40-қа жуық оқушы департамент ұжымымен танысып, полиция жұмысының әртүрлі аспектілері туралы ақпарат алған. Сондай-ақ, олар қызметте қолданылатын техникалар мен жабдықтармен танысып, полиция қызметкері болу үшін қойылатын талаптар мен адами қасиеттер туралы білді. Оқушылар үшін департамент өкілдері сұрақ-жауап сессиясын ұйымдастырып, жастар полиция қызметкері болу үшін қандай оқу орнын бітіру қажет, заманауи полицейдің келбеті қандай деген сияқты өздеріне қажетті сауалдарын қойды.
– Біз жастарға полицияның жұмысымен жақын танысуға мүмкіндік бергенімізге қуаныштымыз. Мұндай іс-шаралар жастарға өздерінің кәсіби мүдделері мен мақсаттарын анықтауға көмектесуде шешуші рөл атқарады деп сенеміз. Бұл іс-шара полиция департаментінің жастармен белсенді жұмыс істеуге және олардың кәсіби дамуын қолдауға деген ұмтылысын көрсетеді. Қоғам қорғаушыларының жаңа буынын тәрбиелеуге көмектесе алсақ, оны мақтан тұтамыз, — деді Атырау облысы ПД тәрбие жұмысы және кадр басқармасының бөлім бастығы Ғалымжан Сембаев