Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облыстық ПД бастығының орынбасары жеке құраммен кездесті

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров  департаменттің және Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барасында маңызды мәселелер қаралды. Мемлекет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын бекітті. 2023 жылы оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында құқық қорғау органдарында парасаттылыққа тексеруді немесе integrity check енгізілгені белгілі. Департамент бастығының орынбасары полиция қызметкерлерін парасаттылыққа тексерудің пилоттық жобасын жіті түсіндіріп, бүгінгі полицейге қойылатын талаптарға тоқталып өтті.

Оралбек Омаров тәртіп сақшыларының қатарындағы сыбайлас жемқорлықты жою – қазіргі полицияның негізгі міндеттерінің бірі екенін баса айтты. Кездесу барысында қызметкерлердің нысандық киімі, материалдық-техникалық жарақтандырылуы, жұмыс тәртібі сынды мәселелер айтылды.

– Өз өміріне қауіп төнсе де, өзгелерге көмек қолын созатын тәртіп сақшыларына қойылатын талап әрқашанда жоғары. Сондықтан да олар қызмет бабында салғырттық танытпауы тиіс. Әділеттілік, қызметке адалдық, жауапкершілік– әрбір полицейдің басты ұстанымы болуы тиіс, – деді департаменті бастығының орынбасары.

Бұдан бөлек, департамент бастығының орынбасары жеке құрам арасында заңдылық пен қызметтік тәртіптің сақталуына тиісті бақылауды жүзеге асыруды, ұжымдағы моральдық-психологиялық климатты дұрыс қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру