Астаналық азамат аялдамаға зақым келтіргені үшін қамауға алынды
Астаналық азамат аялдамаға зақым келтіргені үшін қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
102 арнасына белгісіз ер адамның Ақжол даңғылында орналасқан аялдамаға зақым келтіргені туралы ақпарат келіп түсті.Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 47 жастағы ер адамды ұстады. Ол бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімі бойынша ер адам 15 тәулікке қамауға алынды.
Астана полицейлері азаматтарға қоғамдық тәртіпті бұзғаны және бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін жауапкершілік туралы еске салады. Қала мүлкіне ұқыпты қарауға шақырады.