Қызылордада жылдамдықты асырған екі жүргізушіге млн теңгеден астам айыппұл салынды
Қызылордада жылдамдықты асырған екі жүргізушіге млн теңгеден астам айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шілде айынан бастап Қызылорда қаласында “Қорғау” жол қозғалысын бақылау жүйесі іске қосылып, жұмыс жасап жатыр.
Аталған жүйенің мүмкіндігімен 9 қыркүйек күні қала аумағында “Арқан” және “Сергек” стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғыларына жылдамдық режимін 22 мәрте бұзып, 886 мың 80 теңге және 7 мәрте бұзып, 332 мың 80 теңге айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүрген екі қала тұрғыны анықталды.
Аталған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігімен (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару) әкімшілік хаттама ресімделіп, автокөлік айып алаңына қойылды. Қазіргі уақытта салынған айыппұлдарды өндіру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, бүгін өңірде республикалық “Жолда қабылдау” акциясы басталды.
Мақсат – өңір тұрғындарын толғандырған заң мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап беру.
Акцияға департаменттің әр саласы бойынша тиісті қызметкерлер қатысып, өз желісі бойынша консультативтік көмек көрсетуде. Қызылорда облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі және көші қон қызметі басқармалары мен қала, аудандық полиция бөліністері басшылығы тұрғындарды қызықтыратын мәселелері бойынша қабылдау жүргізіп жатыр.