Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық азамат бойжеткеннің телефонын қолды қылған

Астанада бұрын сотты болған азамат бойжеткеннің телефонын қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорданың 19 жастағы тұрғыны полицияға өзінің танысы көлікте оның Iphone 12 телефонын ұрлап алғандығы туралы арыз жазды.

Тергеу барысында қыздың бұрын жігітпен таныс болғаны анықталды. Жас жігіт Chevrolet Cobalt  автокөлігін жалға алып, қызбен серуендеуді ұйғарған. Қыз телефонын көліктің ішінде қалдырып кеткен, осы уақытты пайдаланған жігіт телефонды жымқырып кеткен. Қыз көліктен түскенде жігіт көп ойланбастан ломбардқа барып, телефонын тапсырады да, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын сотталған 23 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, былтыр жас жігіт қыздың атына микрокредит алған, өткен жылдың желтоқсанында оның телефонына орнатылған банк қосымшасынан өзіне ақша аударған.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жас жігіт мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру